Халық әртісі, әнші Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Низамутдинова немересінің мінезі жайлы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Айтқанды тыңдайды, орындайды. Бірақ өз айтқанынан қайтпайтын қайсар мінезі бар. Әлі сондай. Орындаймын десе, міндетті түрде орындайды", - деді әжесі.
Димаш Құдайберген әжесінің сөзін жоққа шығармады.
"Кемшілігімді айтып берейін бе? Мінезім ауыр, қырсық, өзімнің айтқанынан өліп кетсем де қайтпайтын", - деді әнші.
Сондай-ақ әжесі немересінің әзілге жақын екенін айтты.
"Өзі ерке, еркін. Оған ешкім киімейді. Қабағыңа қарап отырады. Содан кейін әзілқой. Ойнап отырып айта береді. Ол мінезі қазір де бар. Мен: олай әзілдемесейші, адамдар түсінбей қалады, деп айтып отырамын. Былай мейірімді, қайырымды. Бәріне көмектескісі кеп тұрады", - деді әжесі Димаш туралы.