Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

9 ай 10 күн өмір сүрді: Құрманай Бақтиярқызының сіңлісі оның ең соңғы өтініш-аманаты қандай болғанын айтты (ВИДЕО)

16:00, 17 желтоқсан 2024 4830

Марқұм Құрманай Бақтиярқызының сіңлісі Қарлыға Бақтиярқызы ақынның соңғы аманаты қандай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.

”Менің әпкем мықты жан болыпты. Бір аманатым бар еді деп ауруханаға шақырған. Өзі әлсіреп кеткен кезі еді. Бір тойға баруым керек еді, арнауымды кітапқа жазып берейін. Сен барып басқарып, өлеңімді оқып, халықтың көңілін қалдырмашы деп аманатын жеткізді. Дәл өзі айтқандай тойға барып, арнауын оқып, халықтың ықыласына бөленіп келдім. Өзін ауырып жатқанын айтып, халықтан бата да алып келдім. Соңғы көргенім осы болды. Құрманай жазылды деп жүргенде  айырылып қалдық. Соңғы отадан кейін жатырдағф сәбидей 9 ай 10 күн өмір сүріпті. Алла тағала бауырларымен қоштассыншы, бітпеген, діттеген істерін бітірсінші деп жіберген болар”,- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар