Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!
Бұған дейін Антикор сотталушыдан және онымен байланысты тұлғалардан жалпы сомасы 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекет пайдасына қайтарды.Қ.Сатыбалдыұлының ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтару жоспарлануда.
Ағымдағы жылы 11 сәуірде Қ. Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді Антикор баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралуда. Бұған дейін хабарланғандай, тергеу барысында Қ. Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал еткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушының және онымен байланысты тұлғалардың жалпы сомасы 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекет пайдасына (әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автокөліктер, компаниялардағы акциялар мен қатысу үлестері, теміржол жолдары мен ақшалай қаражат, шетелдік мүліктерімен қоса) қайтаруды қамтамасыз етті. Айта кетейік, осы тұлғаға қатысты салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару фактісі бойынша тергеу жалғасуда.
09:07, 14 маусым 2026
08:58, 14 маусым 2026
20:21, 13 маусым 2026
19:05, 13 маусым 2026
18:59, 13 маусым 2026
17:04, 13 маусым 2026
16:58, 13 маусым 2026
16:51, 13 маусым 2026
15:53, 13 маусым 2026
15:50, 13 маусым 2026
14:55, 13 маусым 2026
14:47, 13 маусым 2026
13:19, 13 маусым 2026
12:15, 13 маусым 2026
11:02, 13 маусым 2026
10:37, 13 маусым 2026
10:10, 13 маусым 2026
09:57, 13 маусым 2026
09:47, 13 маусым 2026
21:08, 12 маусым 2026
19:50, 12 маусым 2026
19:43, 12 маусым 2026
18:41, 12 маусым 2026
17:37, 12 маусым 2026
17:11, 12 маусым 2026