Алматы қалалық сайлау комиссиясы жариялаған тізімде журналистер мен заңгерлер бар екен. Одан бөлек, ақ халатты абзал жандар – дәрігерлер мен оқытушылар, кәсіпкерлер мен басқа да мамандық иегерлері бар. Үміткерлердің дені өзін-өзі ұсынғандар екенін айта кетейік. Бұл арада бірде бір партия ешкімді ұсынбаған. Алайда кандидаттардың арасында Amanat пен «Байтақ» партияларының мүшелері бар көрінеді. Араларындағы кейбір кандидаттар осы округтер бойынша өткен сайлауда да үміткер болғандар.
Сонымен, Алматының сайлау комияссиясы 29 қазан күні өтетін жалпы төрт округ бойынша мәслихат депутаттығына үміткерлер арасындағы сайлауға түсетін кандидаттардың толық, әрі нақты тізімін жариялады. Тізіммен танысып шықтық.
Алматы қалалық сайлау комиссиясының таратқан ақпаратына қарағанда, №4 округ бойынша халық қалаулыларының кеңселеріне бір орынға 12 үміткерден таласып бақ сынайды.
Мәселен, Башинскаяның орнына үміткерлер мыналар:
Анохин Юрий Владимирович, 1957 жылы туған, «Денсаулық сараптамалық-консультациялық орталығының» дәрігері, өзін-өзі ұсынған үміткер;
Көкетаева Мадина Ұланқызы, 1978 жылы туған, Алматы Заң палатасы, заңгер-кеңесші, өзін-өзі ұсынған кандидат;
Новосельцева Наталья Владимировна, 1968 жылы туған, «Көкжиек-Горизонт» баспа үйінің» директоры, өзін-өзі ұсынған үміткер;
Молдасанов Азамат Шорманқанұлы, 1976 жылы туған, «Қоғамдық пікір» газетінің шеф-редакторы, өзін-өзі ұсынған кандидат;
Сабырайым Жеңісбек Бағыбайұлы, 1959 жылы туған, «Төле би» қоғамдық қорының директоры, өзін-өзі ұсынған үміткердің бірі;
Лактюшин Дмитрий Николаевич, 1992 жылы туған, «The Ultumate Visionary Group»-тың директоры, өзін-өзі ұсынған үміткер;
Қамбарова Гулшахира Әжімұқанқызы, 1969 жылы туған, «№5 қалалық емхананың» бас дәрігері, өзін-өзі ұсынған кандидат;
Бакарасова Елена Евгеньевна, 1965 жылы туған, «Концерн Bakarassov» компаниясының бас директоры, өзін-өзі ұсынған үміткер;
Ефремова Светлана Александровна, 1977 жылы туған, «Алматы сән және дизайн колледжінің» оқытушысы, өзін-өзі ұсынған кандидат;
Төреқұлов Талғар Талғатұлы, 1993 жылы туған, «№136 мектеп-гимназиясының» директоры , өзін-өзі ұсынған үміткер;
Зенченко Максим Геннадьевич, 1983 жылы туған, «УК «Бастау» компаниясының басшысы, өзін-өзі ұсынған кандидат;
Мұрат Санжар, 1993 жылы туған, «MKC Invest Group» компаниясының директоры, өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі.