Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жақсылық жаршысы. 110 жастағы түркістандық әжеге жаңа паспорт табысталды

09:20, 11 қаңтар 2025 112

110 жастағы кейуана Қазақстан паспортын алды, - деп хабарлайды Alash.KZ порталы Ұлттық арнаға сілтеме жасап. 

Паспорт Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрғыны Оңай Бегімбаеваға табысталды.

"Төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен соң, полиция қызметкерлеріне айттық. Міне, әкеліп отыр бүгін. Шетелге шығатын да паспорт берді. Жеке куәлікте берді", - деді Бегімбаеваның ұлы Жұмамұрат Бекбаев. 

Жуырда ауданның полицейлері қарияға жаңа жеке куәлігі мен төлқұжатын үйіне жеткізіп берген. Оңай апа бүгінде үш қызы мен екі ұлынан 33 немере мен 25 шөбере сүйіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар