Ташкент қаласының қақ ортасында 31 жастағы ер адам әйелін балғамен аяусыз ұрып өлтірген, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан Жоғарғы сотының ресми өкілі Әзиз Әбідов телеграмдағы ресми парақшасында «Миллар» телеарнасының сюжетін таратқан.
«Жеті баламыз бар, жағдайымыз жақсы еді. Алайда, әйелім менімен ұрсыса беретін. Менің анама тіл тигізгенде өз-өзімді ұстай алмай, оны басынан балғамен ұрып жібердім», - деген сотталушының өзі.
Сот ер адамды он жылға бас бостандығынан айырған.