Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әкемді құшақтап, 20 минут тоқтамай жыладым» – актер Асқар Жұмабек түрмеден шықты

18:03, 11 қаңтар 2025 621



Жуырда түрмеден босап шыққан актер Асқар Жұмабек өзінің ата-анасынмен, туған туыстарымен қауышқан сәттегі сезімі жайлы бөлісті, деп жазады Alash.KZ.

“Жеттім-ау, деп ата-анамды армансыз құшақтадым. 15-20 минуттай тоқтамай көзден жас ақты. Әкем де түсінді, жылап алсын деген шығар. Далаға қарап жаттым да, үйге жеткенше әкем екеуіміз қол ұстасып келдік. Одан кейін үйден анам шықты, әпкем, інім шықты. Жаман қатты сағынған екен. Жүгіріп келіп секіріп, үстімнен түспей қойды” дейді Асқар Жұмабек.

Ол сол сәттегі сезімді, бойындағы шексіз қуанышты өзге адамға сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес екенін, тек қана басынан өткізсе ғана түсінетінін айтады.

“Ол кездегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны сезініп көру керек шығар. Бірақ сол сезімді көрмей-ақ та қойыңдаршы. Керісінше, қазір әке-шешеміз бар кезде барынша қадірлеп, сыйлап, сол кісілерді қуантып, жыласа тек қана қуаныштан жыласа екен деймін”, деді актер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар