Атыраудағы №37 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Ол педагогикалық кеңесте өзін балағаттаған соң мұндай қадамға бармақ болған, деп хабарлайды Alash.KZ.
Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты түсінік берді.
Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сенсек, оқытушыны педагогикалық кеңесте, жұрт алдында балағаттап, алаяқтық жасады деп айыптаған.
Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, жағдай комитеттің бақылауында.
"Жағдайды анықтау үшін қалалық басқарманың, Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының және Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету аумақтық департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды", - делінген хабарламада.
Бүгінде мән-жайды жан-жақты зерттеу үшін тергеу басталды.
"Министрліктің аумақтық департаменті педагогикалық әдеп мәселелері бойынша жоспардан тыс өңірлік кеңес өткізеді, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.
"Өзін жақсы сезінеді, мұғалімге қажетті психологиялық көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.