“Украинаға қараңдар да жақсылап ойланыңдар" деп Қазақстанға тіл тигізген Тигран Кеосаян комаға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Үш жыл бұрын жары Қазақстанға “ескерту жасаған” Тигран Кеосаян ес-түссіз жатыр. Бұл жайлы жары, пропагандашы Маргарита Симоньян telegram-арнасына жазды.
«Соңына дейін айтқым келмеген еді, бірақ тілшілер хабарласып қоймай жатқандықтан өзім жазайын. Менің күйеуім, Тигран Кеосаян клиникалық өлімнен кейін комада жатыр. Оның бұрыннан жүрегі қатты ауыратынын көпшілігі біледі.
Жансақтау бөлімінде видеоға түсіріп, жылап видео түсіре алмаймын. Сондықтан әлеуметтік желіге жаза алмағаным үшін кешірім сұраймын!
Тигранның да, менің де анам бізбен бірге тұрады. Екі жыл бұрын үлкен ұлынан айырылып, енді кішісінен айырылу сәтінде тұрған ананың жағдайы өте ауыр», — деді Симоньян.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Кеосаян ресейлік телеарнадағы бағдарламалардың бірінде Қазақстанға тіл тигізіп, «Украинаға қараңдарда дұрыс тұрып ойланыңдар» деп “ескерту жасаған” еді. Оның бұл доңайбат мәлімдемесі ел ішінде қызу талқыға түскен.