Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлт рухының алдаспаны: Мұхтар Мағауиннің топырағы туған жері Шұбартауға жеткізілді (ВИДЕО)

09:22, 09 тамыз 2025 336

Мұхтар Мағауин жатқан жердің топырағы туған жері Шұбартауға жеткізілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Juzmedia порталының хабарлауына қарағанда, жазушының ұлы Едіге Мағауин Америкадағы зиратынан алынған топырақты ата-бабалары жерленген Көпбейіт қорымына апарып қойды.

Баршатас ауылында жазушыға арнап жылдық ас беріліп, оған зиялы қауым мен туыстары қатысты. Мағауиннің барлық қолжазбалары мен мұрасы АҚШ-тағы отбасылық үйінде сақтаулы. Алдағы уақытта сол үйді мұражайға айналдыру жоспарланып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар