Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сіздер үшін күресемін”. Аша Матай депутаттықтан бас тартты ма? - Әнші үндеу жасады (ВИДЕО)

21:00, 03 тамыз 2026

Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер ретінде тіркелген әнші әрі тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеүндеу жариялап, өзі туралы тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесінің айтуынша, оның депутаттықтан бас тартқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

“Кейбіреулер халықты шатастырып, “Аша Матай өз кандидатурасын қайтарып алып, депутаттықтан бас тартыпты” деп, мен туралы жалған ақпарат таратыпты. Әрине, бұл тапсырыспен жасалып жатыр.

Мен Құрылтай депутаттығына үміткермін. Депутат боламын деп өзіме сенемін. Маған сенім артқан азаматтарға, оқырмандарыма, тыңдармандарыма айтарым – өздеріңіздің мұң-мұқтаждарыңызды маған айтып, жазыңыздар. Сенім артып, қолдау білдіріңіздер.

Халықтың мұң-мұқтажын Құрылтайға арқалап жеткіземін! Әрқайсыңыздың мәселеңіз мен үшін маңызды! Сіздер үшін күресемін. Мен сынбаймын. Жігерім де, мінезім де жетерлік. Құдай қолдасын, ағайын”, – деді Аша Матай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар