Финляндия парламентінің ғимаратында 30 жастағы депутат Эмели Пелтоненнің өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Iltalehti газетінің дерегінше, оқиға – депутаттың суициді. Парламенттің қауіпсіздік қызметінің басшысы Ааро Тойвонен Yle тілшісіне берген сұхбатында бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ.
Құқық қорғау органдары қылмыс белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Оқиға орнында бірнеше полиция жасағы мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Финляндия парламенті жазғы демалыста. Күзгі сессия 2 қыркүйекте басталады.