Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы оқушы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Halyqstan телеграм-арнасы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
18 тамыз күні Аққайың ауданына қарасты Кенжеғалы ауылында қайғылы оқиға болды. 17 жастағы жасөспірім турникке асылған күйінде өлі табылды.
– Кәмелетке толмаған баланың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, марқұмның отбасы үлгілі, ешқандай әлеуметтік мәселелері болмаған. Көршілерінің айтуынша, ол ата-анасымен ұрсыспаған, ешкіммен жанжалдаспаған. Қоштасу хат қалдырмаған. Қыркүйек айында 11-сыныпқа баруы тиіс еді.