Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шындығымыз осы": Сәкен Майғазиевтің әйелі елден жасырған құпиясын жайып салды (ВИДЕО)

10:44, 20 тамыз 2025 394

Қазақстанның танымал әншісі Сәкен Майғазиев пен оның жары Динара Майғазиева жанкүйерлеріне жүрекжарды естеліктерін ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Динара Майғазиева Instagram парақшасында бейнежазба жариялап, жұбайымен студенттік шақтарын еске алды. Ол отбасы құру жайлы армандардың бүгін шындыққа айналғанын айтып, бақыттың мәнін бөлісті.

"Бір кездерде, біз қиялдаған отбасылық өмір – бүгінгі шындығымыз. Аллаға шүкір. Бақыт деген осы шығар – сен армандап, Алла қалаған сәтте орындалуы. Сіздерге де армандарыңыз орындалып, бақытты отбасы нәсіп етсін", – деп жазды Динара Майғазиева.

Жұлдызды жұптың жазбасы көпшіліктің жылы лебізіне бөленді. Пікір қалдырғандар Сәкен мен Динараны үлгілі жанұя ретінде бағалап, оларға ұзақ ғұмыр мен береке тіледі.

"Керемет жандарсыздар, Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Бізге де сіздердің жолдарыңызды берсін", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Көпшілік Динараның әдемілігін, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сыйластығын ерекше атап, олардың отбасын көпке үлгі деп бағалады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар