Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген тексеріс көрші елден 7 трлн теңгеден астам қаражатты «жөнелткен» банк жұмысынан ешқандай заң бұзушылық таппаған. Бұл туралы BES.media басылымы жазды деп хабарлайды Alash.KZ.
ҰБ төрағасының орынбасары Берік Шолпақұловтың айтуынша, бұл сома – елден шығарылған таза ақша емес, белгілі бір кезеңдегі жалпы ақша айналымының көрсеткіші.
kursiv.media жазғандай, аталған сома операциялардың жиынтық көлемін ғана білдіреді және алдын ала мәлімет бойынша, әзірге ешқандай заң бұзушылық белгілері анықталмаған.
Тексеру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, алайда реттеуші орган күмәнді операция жүргізді делінген банктің атауын жарияламай отыр. Нақты нәтижесі кейін жарияланады.
Еске сала кетейік, бұл мәселе мемлекет басшысының күмәнді трансшекаралық аударымдар туралы мәлімдемесінен кейін бақылауға алынған болатын.