Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова тұңғыш келіні Жұлдызды туған күнімен құттықтап, желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп жазады Alash.kz.
«Ене үшін өміріндегі ең маңызды жан ол әрине келіні! Неге десеңіз ененің өмірінің жалғасы, ұрпағын жалғастырушы келесі анасы өз келіні. Мінекей бүгін біздің отбасымыздың әсіресе менің ең алғашқы қызығым, тұла бойым тұңғышым, сіздердің де ақ Қайроштарыңыздың, үлкен махаббатымен өмірлеріңізге еніп, жүректеріңізден орын алған, Жұлдыз келініміздің туған күні құтты болсын! Алла өмір жасын ұзақ, ғұмырлы, мәнді етсін», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.