Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кек алу үшін… Бұрынғы сүйіктісін ұрып-соғып, интимдік суреттерін таратқан»: Ақтауда сұмдық қылмыс әшкере болды

21:09, 14 сәуір 2026

Ақтау қаласында 23 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол бұрынғы сүйіктісінің жеке өміріне қол сұғып, интимдік сипаттағы суреттерін әлеуметтік желіде таратқаны және жәбірленушіге физикалық қысым көрсеткені үшін кінәлі деп танылды, деп жазады Alash.kz. 

Сот шешімімен сотталушы үш жылға бас бостандығынан айырылып, жәбірленушіге материалдық және моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

Тергеу барысында анықталғандай, айыпталушы қарым-қатынастары үзілгеннен кейін кек алу жолына түскен. Ол интернетте жалған парақша ашып, бойжеткеннің рұқсатынсыз оның жеке фотоларын көпшілікке жариялаған. Сонымен қатар, ер адам жәбірленушіні аңдып, кездесу кезінде күш қолданған. Тіпті, кезекті жанжалдың бірінде оны ұялы телефонмен бірнеше рет ұрып, дене жарақатын салған.

Сот істі қарау барысында бұзақылық және жеке өмірдің қолсұғылмаушылығын бұзу баптары бойынша айыпталушының кінәсін толық дәлелдеді. Үш жылдық түрме жазасынан бөлек, сотталушы моральдық зиянды өтеу ретінде 1 миллион теңге төлеуі тиіс. Бұл жазаның әділдігін кейіннен апелляциялық алқа да растап, бастапқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бұл оқиға бойынша сотталған азаматтың үкімге шағым келтіру талпыныстары нәтиже бермеді. Жоғары сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар