Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей Елшісі Қазақстанға ұлтшылдықпен күресті үйретпекші

07:58, 07 желтоқсан 2022 276
Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин sputnik.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанда орысфобия мен экстремизмнің дамып келе жатқанын айтты.

Елші қазақ қоғамын ұлтшыл және радикалды ұрандар жаулап алды деп есептейді.
– Қазақстандағы ұлтшылдық пен радикалдық тенденциялардың барған сайын айқын байқалып жатқанына өкінішпен айта аламын және алаңдаймын.  Интернетте радикалды ұлтшылдар мүлдем қабылданбайтын талаптар, ұрандар және т.б. ұсынатын бейнероликтерге толы.  Оның үстіне бұл ұрандар русофобтық, – деді елші.

 

Бородавкин президент Тоқаевтың ұлықтау рәсімі кезінде қоғамдағы алауыздыққа және халық бірлігіне нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекеттердің жолын кесетінін жариялағанын атап өтті.  Ол бұдан былай ел басшылығы қазақ қоғамындағы ұлтшылдық пен радикалдық сезімді азайту шараларын қолға алады деп күтеді.
– Қайталап айтамын, қазір президент берген күшті мандатпен экстремистік ұлтшылдық сөздердің барлық түрлерін ауыздықтауға бағытталған қатаң шаралар жүзеге асырылады.  Бізден сұраса, көмектесеміз, – деді ол.

Бұл ретте Төтенше Елші қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ арқылы бітімгершілік контингентінің енгізілуі елдегі тәртіпті тез арада қалпына келтіруге көмектескенін еске салды.  Ол Қазақстан халқына өте жылдам әрі тиімді көмек үшін алғыс білдіретінін атап өтті.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар