Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

БАӘ билігі ел азаматтарына Иранға, Иракқа және Ливанға баруға тыйым салды

14:04, 01 мамыр 2026

БАӘ Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Иракқа, Иранға және Ливанға баруға тыйым салды, деп жазады Alash.kz.

"Қазіргі аймақтағы оқиғаларды ескере отырып, БАӘ Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Иран Ислам Республикасына, Ливан Республикасына және Ирак Республикасына сапар шегуге тыйым салынғанын хабарлайды. Министрлік қазіргі уақытта осы елдерде жүрген барлық БАӘ азаматтын мүмкіндігінше тезірек БАӘ-ге оралуға шақырады.

БАӘ-нің шетелдегі азаматтарының әл-ауқатын бақылау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесі аясында оның барлық нұсқауы мен ұсынымын орындаудың маңыздылығын атап өтеміз", - делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар