Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бөтен күштерге бұл жерде орын жоқ» - Иранның жоғарғы жетекшісі

20:27, 30 сәуір 2026

Иранның жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи Тегеран Ормуз бұғазы қауіпсіздігін толық бақылауда ұстайтынын және үшінші елдердің оны теріс пайдалануына жол бермейтінін айтты, деп жазады Alash.KZ.

Оның сөзінше, аймақтағы соңғы екі айдағы қақтығыстардан кейін жаңа кезең басталып отыр.

«Бүгін, аймақтағы ең ірі басқыншылықтан және АҚШ-тың масқара сәтсіздігінен кейін Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында жаңа тарих жазылып жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар, Хаменеи АҚШ-тың аймақтағы рөліне қатысты қатаң пікір білдірді.

«Парсы шығанағының болашағы АҚШ-сыз да жарқын болады. Бұл – халықтардың дамуы мен тыныштығы үшін қажет. Аймақтағы елдер бір тағдырға ие, ал мыңдаған шақырымнан келген бөтен күштердің бұл жерде орны жоқ. Олардың орны – теңіз түбінде ғана», - деді Иран басшысы.



Ол Иранның қазіргі саясатын «жеңісті стратегия» деп атап, бұл бағыт өңірде жаңа тәртіп қалыптастыруға жол ашады деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар