Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстандықтар тағы алданды!". "Өмірімді сақтандырамын” деген қазақстандықтар 620 млн теңгеден айрылып қалды

12:05, 13 ақпан 2026

Қазақстандықтар “өмірді сақтандыру” жобасы арқылы 620 млн теңгеден айырылған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдікті 2013–2021 жылдар аралығында «Страхование жизни Partners & Consultants» атты жобаны ұйымдастырған.

Аталған жоба аясында азаматтарға өмірді сақтандыру және жинақтаушы салым бағдарламалары ұсынылған. Клиенттерге жылына 12 пайызға дейін табыс уәде етілген.

Алайда салым қаражатын Evroasia Global Investment және Evropa Investment компанияларының есепшоттарына аудару талап етілген. Тексеру барысында бұл ұйымдардың қызметі күмән тудыратыны анықталған. Клиенттерге депозит пен инвестициялық міндеттемелер бар деген әсер қалдыратын жалған құжаттар берілген.

Азаматтардың сеніміне кіру үшін жарнамада халықаралық сақтандыру бағдарламалары мен сертификаттарға сілтеме жасалған. Алайда олардың шын мәнінде жоқ екені белгілі болды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 270 адамды алдап, жалпы сомасы 620 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар