Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Менің көзімше қанша рет дәрі ішті”: Белгілі заңгер марқұм Арман Дүйсеновтің отбасына көмектесетінін мәлімдеді (ВИДЕО)

20:43, 17 қараша 2025 471

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев марқұм Арман Дүйсеновтің отбасына құқықтық қолдау көрсететінін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу ханымның басына салғанын, ешкімге салмасын. Әуелі жолдасы Арманның, одан кейін баласы Абылайдың қазасы, енді міне сот қалған отбасы мүшелерін үйден шығару туралы шешімде шығарған. Маған ұсынылған құжаттарды зерделей отырып, бұл істің көлеңке жақтары өте көп екенін аңғардым. Бір отбасына соншама ауыртпашылықтың бірден төнуі әрине қиын жағдай. Мұндай кезде кешегі жақындары алыстап, қиындықпен көп жағдайда жалғыз қалатыны рас, десе де, Айсұлу ханымды қарапайым халық жалғыз қалдырмайық. Қарап отырсам жүйкесі жұқарып, денсаулығы да сыр берген. Менің көзімше қанша рет дәрі ішті. Жалғыздың үні шықпас, осы бағытта атқаратын ісімізге сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет. Ерім деген ел болмаса, елім деген ер болмас. Кезінде Шерзаттың ісінде өнер адамдары, блогерлер қайғылы оқиғаны көтеруден қашқақтап шет қалғандары естеріңізде шығар. Қарапайым халық челлендж жасап, біразынан отписка жасаған да болатын. Таныс әншіден сұрағанымда, бізді жинап алып тыныш отырыңдар деген соң, отырдық деп жауап бергені бар еді", - деп жазды заңгер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар