Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қазіргі режим кек алуға ұмтылады”. Иран шахының ұлы Хаменеиді отставкаға кетуге шақырды

19:19, 23 маусым 2025 695

Иранның соңғы шахы Мұхаммед Реза Пехлевидің ұлы Реза Пехлеви Парижде сөз сөйлеп, Иран мемлекетінде демократиялық басқару орнату қажеттігін айтып, Аятолла Хаменеиді биліктен кетіру керек деп үндеу жасады. Бұл туралы Vesty.co.il сайты жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

“Мен халқымның бейбітшілік пен демократия жолындағы күресіне жетекшілік етуге дайынмын. Маған саяси билік қажет емес. Менің мақсатым -  ұлы халқымызға осы сын сағатта тұрақтылыққа, еркіндікке және әділетке жетуге көмектесу”, -  деді Пехлеви.

Халықаралық қауымдастыққа келесідей үндеу жасады.

“Қазір Иран халқының жағына шығатын уақыт. Бұрынғы қателіктерді қайталамаңыздар. Қазіргі режим кек алуға ұмтылады және басқа елдерден ядролық қару алуға талпыныс жасауы мүмкін. Ядролық нысандарды жою - бейбітшілікке кепіл емес. Бірақ мен ұсынып отырған жол - нағыз бейбітшілікке жетелейді”,- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар