Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бір жыл бұрын туған әкесі зорлаған”. Қордай ауданында ерлі-зайыпты 15 жастағы қызға жыныстық зорлық көрсеткен (ВИДЕО)

15:52, 23 маусым 2025 446

Жамбыл облысы, Қордай ауданында ерлі-зайыпты 15 жастағы қызды үйіне алдап апарып, жыныстық зорлыққа ұшыраған. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Жамбыл облысы, Қордай ауданынан 33 жастағы келіншек хабарласты. Ол- 8 баланың анасы.  Айтуынша, 15 жастағы тұңғыш қызы ерлі-зайыптының үйінде жыныстық зорлыққа ұшыраған. Әйелдің сөзіне сенсек 1 жыл бұрын қызды туған әкесі зорлап, артынан өзіне қол салыпты. 

Ал соңғы зорлық бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ «күдікті ерлі-зайыпты бостандықта жүр»,-деп анасы дабыл қағуда. Ең сорақасы күдікті деп танылған ерлі-зайыпты жалғызбасты ананың кенже ұлының кіндік ата-анасы екен. Ертең Қордай ауданына барып, мәселенің мән-жайын біліп қайтамын”,- деді журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар