Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Астана маңында жекеменшік ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

14:52, 22 маусым 2025 683

Астана маңында жекеменшік ұшақ құлап, екі адам қаза тапты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға бүгін 22 маусымда 11:30 шамасында болған. 

Көлік министрлігінің хабарлауынша, Жоламан аэродромы маңында Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. 

“Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды”, – делінген ресми хабарламада.

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар