Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Енді айтуға болады”: Мұхамеджан Тазабек Назарбаев жайлы ел естімеген естелігін бөлісті

22:00, 01 желтоқсан 2025 120

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек журналист Жанар Байсеміздің YouTube-арнасына сұхбат беріп, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев жайлы естелігін бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“1992 жылы Алматы қаласында алғаш рет Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы болды. Сол тойда айтысқа қатыстым. Мен қазақ ретінде Қырғызстаннан келген жігітпен айтысып, сол жерде жеңіп кеттім. Бұл сәтті бір ғана республикалық телеарна түсіріп, тікелей эфирге шығарды. Сол кезде мен отты сөздерді айтпаймын ба… 

Сонда бірінші қатарда жаңадан президент болған Назарбаев орнынан атып тұрып “Бас Мұхамеджан!” дейді. Сол сәтті республикалық телеарна көрсетті. Оны ауданның бірінші, екінші хатшылары, бүкіл жұрт көреді. Міне, осы оқиғадан кейін Таразға барғанымда облыстың сол кездегі бірінші әкімі Өмірбек Байгелді Назарбаевтың атып тұрып қолдағанын көргеннен соң “Не сыйлық жасаймын” деп ойланды.

Оның үстіне Мырзатай Жолдасбеков “мына балаларды қолдаңдар” деп тапсырма беріп жатыр. Сөйтіп, 16 жасымда облыстық телеарна “Мұхамеджанның ақ боз аты” деген деректі фильм түсіреді. Сол кезде деректі фильмді әдетте академиктерге, Социалистік еңбек ерлеріне немесе Халық әртістеріне ғана түсіретін. Міне, бізге тәуелсіздіктің тигізген пайдасы осы. Екіншіден, ағаларымыздың қамқорлығы. Бұл да Құдайдың сәтін салуы”, деді Мұхамеджан Тазабек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар