Әскери борышын өтеу кезінде бас сүйек-ми жарақатын алып, комадан бір-ақ шыққан сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі Бас прокуратураға жетті. Бұл туралы сарбаздың адвокаты Инга Имамбай хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Бас прокуратура қылмыстық істі толық өз өндірісіне алып, барлық материалдарды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді. Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр. Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз», — деді Иманбай.