Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жалған ақпарат таратты”. Белгілі журналист Гүлнәр Бажкенованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

12:36, 01 желтоқсан 2025 96

Белгілі журналист, Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

 "Письма президенту" Telegram-арнасында  Гүлнәр Бажкенованың пәтерінде, сондай-ақ Orda порталының редакциясында тінту жүріп жатқаны туралы ақпарат жарияланды.

"Бажкеноваға қатысты Алматыдағы бизнес-орталықтың қожайыны мен өңірлік балық инспекциясының қызметкерінен көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін бірнеше арыз түскен", - делінген хабарламада.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

"Тергеу шаралары аясында арызданушылардың уәждері жан-жақты тексерілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылы жарияланған материалдардың бірінде құқық қорғау органы қызметкерінің пара алған кезде ұсталды деген шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылған.

Тергеу барысында мұндай фактінің болмағаны нақтыланды. Осылайша, азаматша Б.-ның әрекеттері жарияланымда көрсетілген қызметкердің кәсіби беделіне нұқсан келтіріп, қоғамда жалған пікір қалыптастырған.

Тағы бір жарияланымда мүліктік дауға қатысты залалдың көлемі мен себептері туралы бұрмаланған және шындыққа сәйкес келмейтін деректер берілген. Бұл өз кезегінде жұртшылықты жаңсақ пікірге жетелеп, арызданушының іскерлік беделіне айтарлықтай зиян келтірген", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, өткен жылдары жарияланған өзге материалдарға қатысты да жәбірленушілердің арыздары бойынша тексерістер жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

"Аталған жарияланымдарда да жалған не қоғамды адастыратын мәліметтер болуы мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Азаматша Б.-ның тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Жалған ақпаратты дайындау және жариялау жағдайларын анықтау, сондай-ақ оның қайдан алынғанын тексеру мақсатында электрондық құрылғылар мен материалдар тәркіленуде.

Тергеу жалғасуда. Барлық мән-жай қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық көлемде анықталатын болады", - делінген ресми хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар