Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Алғабастағы өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз көз жұмды

16:09, 01 желтоқсан 2025 89

Түркістан облысының Алғабас ауылында тұрғын үйден шыққан өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

– 2025 жылдың 30 қарашасында Жетісай ауданында болған өрт салдарынан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы қыз көз жұмды. Көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың (соның ішінде республикалық санитарлық авиацияның 4-деңгей мамандарының) кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешенінің жүргізілуіне қарамастан, орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым келген қызды аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, – делінген ресми хабарламада. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар