Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйеліме тиісті: Руслан Берденовке үш рет оқ атқан жігіт бар шындықты айтты

23:18, 21 сәуір 2025 3292

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтың алдын ала себебі ретінде “әйеліне тиіскен” деген күдік аталды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

«Шамамен сағат 20:30-да Шымкент қалалық әкімдігі ғимаратының маңында Жиенбай Е. (…), жұмыс орны: Шымкент қаласы әкімдігі, “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС, маман, “Сайга-12” мылтығымен Руслан Арысбекұлы Берденовке (1985 ж.т.), Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, аяқ-қолының төменгі бөлігіне үш рет оқ атқан. Күдіктінің айтуынша, Берденов Р. оның әйелі Алданова Л.-ға (…), жұмыссыз, тиіскен.

Берденов Р. ауруханаға жеткізіліп, оған алдын ала «оң жамбас пен иықтың оқ жарақаты» деген диагноз қойылды», – делінген KazTAG редакциясына дүйсенбі күні жағдаймен таныс дереккөз ұсынған жедел мәліметте.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Рим Папасы қайтыс болды

13:37, 21 сәуір 2025 222