Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аяусыз ұрып-соғып, қи қосылған тамақ берген: Қарағандыда патронаттық отбасы 6 баланы құл қылған

14:30, 12 мамыр 2025 199

Балаларды ұрып-соғып, қи қосылған тамақ берген. Патронаттық отбасындағы сұмдық жағдайға билік жауап берді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысында алты балаға жасалған қатыгез қарым-қатынас дерегі қатты алаңдаушылық тудырғанын мәлімдеді.

Прокуратураның мәліметінше, тәрбиеленушілер ауыр жұмыс істеуге мәжбүрленіп, ұрып-соғылып, дұрыс тамақтану мүмкіндігінен айырылған. Бір бала мүгедек болып қалған.

Комитет төрайымы Насымжан Оспанова кінәлілер міндетті түрде жазаланатынын, ал патронаттық отбасыларға бақылау күшейтілетінін айтты.

Мамандар штатын мамыр айының өзінде 1300 адамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар