Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соғыс үш айға тоқтатылды: Трамп шұғыл мәлімдеме жасады

17:00, 12 мамыр 2025 647

АҚШ пен Қытай сауда соғысын тоқтатты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Америка Құрама Штаттары мен Қытай Халық Республикасы үш ай мерзімге сауда соғысын тоқтатып, өзара тауарларға салынатын кедендік баж салығын төмендетуге келісті.

АҚШ пен Қытай үкіметтерінің Ақ үй сайтында жарияланған бірлескен мәлімдемесінде тараптар «тұрақты, ұзақ мерзімді және өзара тиімді экономикалық әрі сауда қарым-қатынасының маңыздылығын» мойындағаны айтылған.

Осыған байланысты 14 мамырдан бастап тараптар импортқа баж салығын арттыру туралы бұйрықтардың күшін 90 күнге тоқтату туралы шешім қабылдады.

Қазіргі таңда АҚШ-тың Қытай импортына салған тарифтері 145 %, ал Қытайдың АҚШ өнімдеріне салған баж салығы 125 % деңгейінде.

Екі тарап 24 % көлеміндегі өзара баж салығын арттыру шешімін тоқтатып, базалық 10 % мөлшеріндегі тарифті сақтау туралы келісті.

«Жоғарыда аталған қадамдардан кейін тараптар экономикалық және сауда байланыстары жөнінде диалогты жалғастыру үшін арнайы механизм құрады», — делінген бірлескен мәлімдемеде.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Қытай тауарларына салатын тарифтері уақытша 30 % болады, ал Қытайдың АҚШ импортына қойылған тарифтері 10 % деңгейінде белгіленеді.

The Telegraph басылымының жазуынша, бұл сауда келісімі жаһандық экономикадағы белгісіздікті азайтуға көмектесті, соның нәтижесінде әлемдік нарықтар өсім көрсете бастады.

 Мұнай бағасы көтеріле бастады, ал доллардың курсы нығайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар