Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ата-анасын өлтірді: Ақтөбеде үш адамды кепілге алған қаскөйге сот үкімі шықты

13:00, 12 мамыр 2025 455

Ақтөбедегі кепілге адам алу ісі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қайғылы оқиға қаңтар айында болған. Ер адам үш адамды — 40 жастағы әйел мен оның ата-анасын кепілге алған.

Полицейлер штурм барысында оларды пышақ жарақаттарымен тапқан. Кейіннен ерлі-зайыптылар қайтыс болды.

«Ақтөбе облысының прокуратурасы тарапынан заңсыз бас бостандығынан айыру және екі адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына жолданды», — делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктінің танысымен жанжалдан кейін жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, әйелдің анасы мен өгей әкесін өлтіріп, өзін еркінен тыс ұстап отырғаны анықталған.

«Арлан» арнайы бөлімшесінің жедел әрекет етуінің арқасында зардап шеккен әйел босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды.

Күдіктіге екі немесе одан да көп адамды аса қатыгездікпен өлтіргені, сондай-ақ күш қолдану арқылы заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін айып тағылды.

Бұл баптардың бірі бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, оқиға 13 қаңтарда Ақтөбедегі жеке үйлердің бірінде болған. Ер адам үш адамды кепілге алған.

Қаскөй құрбандарын шамамен бес сағат бойы ұстап отырған. Полиция онымен келіссөз жүргізуге тырысқанымен, ол ешқандай талап қоймаған және кепілдегілерді босатудан бас тартқан.

Нәтижесінде үйге шабуыл жасалды. Бірақ сол уақытта қарт ерлі-зайыптылар ауыр халде болған. 67 жастағы әйел ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмса, 74 жастағы ер адам ота үстелінде қайтыс болды. Тек олардың қызы ғана аман қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар