Тараз қаласында адам сенгісіз қылмыстық іс бойынша тергеу басталды. 22 жастағы жігіт өз анасын зорлағаны үшін айыпталып, жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Арыздан кейін тәртіп сақшылары шұғыл іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті ретінде көрсетілген жас жігітті ұстаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Облыстық полиция департаменті тергеудің жүріп жатқанын растады.
“Қазіргі таңда істі толық әрі объективті қарау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп хабарлады құзырлы органдар.
Сонымен қатар, тергеу құпиясына байланысты қосымша мәліметтер жарияланбайтыны айтылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайы тек тергеу аяқталған соң белгілі болады.