Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттар корпоративке жиналмайтынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
«Жыл аяқталып келеді. Әрбір отбасыда қуаныш, шаттық, береке болсын! Қайғы көрмеңіздер. Осы ретте сіздерге бір шағын құпияны айтайын, депутаттардың арасында арнайы корпоративтік кеш өтпейді. Оған тыйым салынған», - деді ол.
Дегенмен депутат корпоративтік шараларға өзін түрлі компаниялардың жыл сайын шақырып тұратынын жасырмады. Бұл жолы құрылыс компаниясының жаңажылдық кешіне бара жатқанын айтты.