Министр бұл істің назардан тыс қалмайтынын жеткізді, деп жазады Alash.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"Күні кеше Қостанайда жедел жәрдем бригадасының фельдшерлеріне шабуыл жасау фактісіне тағы да тап болдық. Шақыруға келген шұғыл қызметтің жас маманы Анель Баймурзина ұрып-соғу нәтижесінде көптеген жарақаттар алып, өзі ауруханаға түсті.
Анель Баймурзинаның отбасына жеке қолдауымды білдіргім келеді. Оның тезірек сауығып кетуін тілеймін және бұл іс назардан тыс қалмайды", - деп жазды министр.
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында Қазақстанда қызметтік міндеттерін атқару кезінде 158 медицина қызметкері зардап шеккен.
Министр медицина қызметкерлеріне күш көрсететіндерге қарсы заң дайындалып жатқанын жеткізді.