Украина жіберген дрондар Қазандағы тұрғын үйлерді жарды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
ТАСС хабарлағандай, сегіз ұшқышсыз ұшақтар қала аспанын торуылдаған. Оның алтауы тұрғын үйлерді зақымдаған.Зардап шеккендер мен қаза тапқандарға қатысты ақпарат жоқ.
Дрондар Камалеев даңғылындағы "Кот-д 'Азур" тұрғын үй кешеніне (2 дрон), Орынбор трактісі көшесіндегі "Манхэттен" тұрғын үй кешеніне құлады. Тағы біреуі Клара Цеткин көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдің төбесіне түсті.
Қазан қалалық әкімдігі мектептерді "іріктеп, сұрыптап эвакуациялағанын" хабарлады. Қазан мен Ижевск әуежайлары уақытша жұмысын тоқтатты.