Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодар тұрғыны караокеде микрофонға таласып, досын пышақтап тастады

11:44, 21 желтоқсан 2024 114

Павлодарда караокеде микрофон бөлісе алмаған екі ер адам жанжалдасып, арадағы біреуі танысына пышақ ала жүгірген. Кейін дау далада жалғасып, айыпталушы танысын пышақтап тастады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы irbistv.kz-ке сілтеме жасап.

«2024 жылдың шілдесінде 52 жастағы ер адам танысымен барға барған. Караокеде микрофон үшін жанжал басталып, кейін төбелес далада жалғасқан. Жанжал барысында айыпталушы пышақ шығарып, қарсыласының жүрек тұсына сұққан», — деп жазылған материалда.

Павлодар қаласының №2 соты айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Айыпталушы өзін қорғағанын алға тартса да, сот уәжін ескермеді.

«Пышақ жүрек тұсыма тиді деп ойладым, футболкам қанға боялып, есімнен танып қалдым», – дейді жәбірленуші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар