Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Топырағы торқа болсын": Мақпал Жүнісова шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

20:00, 03 қыркүйек 2025 1612

Танымал әнші Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің көңілін толқытқан бейнежазбасын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі Instagram-дағы ресми аккаунтында қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Роза Бағлановаға арналған естелік видеоны жариялап, оған жүрекжарды сөзін қоса жазды.

"Роза апамның топырағы торқа болсын, түн тыныштығын берсін", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Роза Бағланова туралы

Халық қаһарманы, әйгілі әнші Роза Тәжібайқызы Бағланова (1922–2011) – қазақ өнерінің шоқтығы биік жұлдыздарының бірі. Ол шығармашылық жолын Ташкент филармониясында бастап, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майдан даласында сарбаздарға арнап ән салды. 1945 жылы Берлинде өткен Жеңіс концертінде де өнер көрсетті.

Соғыстан кейін Қазақ опера және балет театрында, Жамбыл атындағы филармонияда, сондай-ақ "Қазақконцерт" құрамында еңбек етіп, ұлттық ән өнерін биік деңгейге көтерді.

Роза Бағланова қазақтың халық әндерін ғана емес, шетелдік туындыларды да шебер орындап, халықаралық сахналарда жеңістерге жетті. Ол "Ленин" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту", "Халықтар достығы" ордендерімен марапатталды. 1996 жылы елге сіңірген еңбегі үшін "Халық қаһарманы" атағы берілді.

Ұлы әнші 2011 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті. Бүгінде оның есімі елдің рухани қазынасында мәңгі сақталып, туған жерінде және Алматыда ескерткіштері қойылып, мәдениет орындарына аты берілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар