Белгілі әнші Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында ауыр хабарды жеткізді. Өнер иесінің анасы өмірден өтті, деп жазады Alash.kz.
Әнші анасына арнаған жүрекжарды жазбасын жариялады.
«Анашым… Жұмағым… Өмір – сынақ, ештеңе мәңгі емес. Кішкентай ақ періштем менің, сен мәңгі жүрегімдесің! Біз сені қатты жақсы көреміз, жаның жұмақ төрінде болсын», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары да әншінің қайғысына ортақтасып, түрлі жылы лебіздерін қалдырды.
«Анаңыздың жатқан жері нұрлы болсын, иманы жолдас болсын», «Сізге бекемдік тілейміз, анаңызға қатты ұқсайсыз», «Иманды болсын» деген сынды пікірлер жазылды.