Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүрегімде қасірет бар": Маңғыстау әкімінен некесіз бала тапқан әйел қоштасу хатын жазды

15:27, 03 қыркүйек 2025 395

Маңғыстау облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарып, қоштасу хатын жазды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол өткен өміріне көз жүгіртіп, жасаған қателіктерін мойындаған жазба қалдырды:

"Қолында барды қадірлемей, жанындағы жандарды бағаламай, өткінші мансапқа алданып, мәңгілік байлықтан – жақындарынан айырылады екенсің. Балаға әке бола алмады, бізге қорған бола алмады. Ақыры өзі де…", – деп жазды Наурызова.

Экс-депутаттың айтуынша, баласының әкесіз өсуі – оның ең үлкен қасіреті.

"Менің жүрегімде қасірет бар. Себебі бала әкесін көрмей өседі. Әке деген аттан айырылған жанды аяймын да, кінәлаймын да. Өмірдің ең қымбат сыйын – баласын – шеттетіп алды. Ол енді менің санамда да өмірімде де мәңгі бос орын болып қалады. Ол орынды ешкім толтыра алмайды.

Әке деген аттың, сүйіспеншілік пен үміттің орны бос қалды. Бала үшін ол әрқашан бейне ғана болады – алыстағы, қол жетпес әке бейнесі", – деп жазды ол.

Жазбасының соңын Ынташ Наурызова "Қош" деп бір ауыз сөзбен аяқтаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар