Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қолдайтын күйеуің қайда? Көңіліме қатты тиді”. Мереке Қалбаева жолдасы жайлы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

21:21, 11 тамыз 2025 635

Блогер, актриса Мереке Қалбаева желідегі парақшасында жеке өмірі жайлы жазба қалдырып, елді алаңдатып қойды, деп жазады Alash.kz.

“Барлығыңыз Арсенді қатты жақсы көресіздер, иә? “Күйеуің қайда? Қолдайтын Арсенің қайда?” деп іздеп жатыр ғой. Негізі бұл тақырыпты әзірге айтқым келмейді. Айтпайтын болсаң неменеге интрига жасадың деп айтып жатқандар бар шығар. Ол ешқандай интрига емес. Эмоциямен жасалынған дүние. Біз әйелдер эмоцияның адамдарымыз. Егер бізді біреу ренжітіп, көңілге қатты тиссе біз оны он есе қайтарғымыз келіп тұрады. Ол адамды одан сайын ренжіткіміз келіп тұрады. Білмеймін. Мен ғана емес. Бүкіл әйелдер қауымы сондай деп ойлаймын. Уақыт сағаты келеді. Барлығын айтатын боламын. Қазір мен хайп, интрига жасауға да уақытым жоқ. Құдай ақы. Үлкен жоспарым тұр. Соны жасау керек. Сіздерден қолдау керек алтындарым»,- деді Мереке Қалбаева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мереке Қалбаева желідегі парақшасында күйеуімен түскен барлық суреттерді өшіріп, әсерлі жазба жариялаған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар