Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балаларым бар, қайда барам, ақшам жоқ": Тұрсынбектің әйелі көпшілікке жан айқайын жеткізді (ВИДЕО)

"Балаларым бар, қайда барам, ақшам жоқ": Тұрсынбектің әйелі көпшілікке жан айқайын жеткізді (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде жан тебірентерлік видео жариялады, деп жазады Alash.kz.

Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі ресми парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйел баласының әлсіздігі секілді мәселелерді көтеретін видеосын жариялады.

"Бұл видеодағы жағдай қаншамаңызға таныс?.. Күн сайын маған 10 шақты қыз жекеме жазады: "Не істесем болады? Қайда барам? Кете алмай жүрмін…"

Әрқайсысының даусы дірілдеп, жүрегі қорқып, жаны қысылады. Бірақ… Неге кетпейсіз? Неге үндемей, бәріне көне бересіз?

Себебі, әр әйелдің ішінде мың түрлі себеп бар: "Балаларым бар", "Қайда барам, ақшам жоқ", "Мүмкін өзгерер", "Ата-анам не дейді?", "Ұялам", "Өзімді кінәлаймын".

Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: Сіздің өміріңіз – тек сіздің қолыңызда", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар