Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Эмоционалдық қысымға алуды көздейді”. Ресей Ердоғанның Тоқаевпен кездесуін қалай қабылдады? (ВИДЕО)

13:26, 04 тамыз 2025 1021

Ресей Ердоғанның Тоқаевпен кездесуін қалай қабылдады? Бұл сұраққа сарапшы, журналист Амангелді Құрметұлы Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Жүргізушінің “Қазақстан мен Түркияның жақындасуы Ресейдің көңілінен шықпайтыны анық. Бұл Солтүстік көршімізбен қарым-қатынасымыздың салқындап кетуіне әкелуі мүмкін бе?” деген сауалына сарапшы төмендегідей жауап берді:

«Біз әлбетте қоғам ретінде салқындап кетеді деп есептейміз. Бұқаралық саясаттанушылар, қоғам белсенділері мен қоғамдық пікірдің лидерлерінің аузымен “Түріктерге жақындап кетті” т.б. деп айтылуы мүмкін. Әңгіме негізі 28-29 шілдедегі Тоқаевтың Анкараға сапарынан кейін туындап отыр ғой. Ердоған өзі жеке шақырыпты, айрықша құрметпен күтіп алыпты деп шуылдап жатыр. Ал шын мәнінде ресми билік салқындыққа жол бермейді. Ресейдің өзі оған апара қоймайды. Неге десеңіз, Қазақстанмен араны ашып алу оларға тиімді емес. Сондықтан ресми билігі әлбетте нейтрал позицияны ұстайды. Бізбен жылы қарым-қатынас сақтап отырған кейіп танытады. Бірақ журналистері, саясаткерлері, саясаттанушылары, түрлі деңгейдегі депутаттары арқылы бізге қатысты қарсы әңгімесін жалғастыра береді. Ол классика болып кетті. Біз тәуелсіздік алғаннан бері келе жатқан дүние. Кеңес үкіметінің бұрынғы отар мемлекеттеріне қарсы әңгіме айтуды тоқтатпайды. Сол арқылы бізді эмоционалдық қысымға алуды көздейді. Ал енді таза әскери-саяси, экономикалық қадамдарға баруы неғайбыл деп есептеймін», - деді Амангелді Құрметұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар