Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Енді “Орынбор” деп атаймыз!”: Әзірбайжан Ресейге сес көрсетті

16:35, 03 тамыз 2025 325

Ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі Қарабақтағы Айвазовскийдің ескерткішіне қатысты жаңалықта қала атауын “Степанакерт” деп көрсетіп, Әзербайжан тарапынан сынға ұшырады. Бакудің ресми ұстанымын ескермеген бұл атау Әзербайжанның аумақтық тұтастығына құрметсіздік ретінде бағаланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі ТАСС агенттігіне ресми хабарлама жолдап, мақаланы түзетуді талап етті. Бастапқыда ТАСС мақаласында Айвазовскийдің ескерткіші “Степанакертте алынды” деп жазылған. Әзербайжан бұл қала атауын “Ханкенді” деп атап, наразылық білдірді. Кейін агенттік тақырыпты “Таулы Қарабақта ескерткіш алынды” деп өзгерткен, алайда Баку бұған да қарсы шықты: Әзербайжан Конституциясына сәйкес, “Таулы Қарабақ” атты әкімшілік бірлік жоқ, тек Қарабақ деген ұғым бар деп мәлімдеді. Нәтижесінде ТАСС тағы бір рет түзету енгізіп, “Қарабақта Айвазовскийдің ескерткіші алынды” деген тақырыпты таңдады.

Аталған жағдайға байланысты Әзербайжанның мемлекеттік ақпарат агенттігі АЗЕРТАДЖ та арнайы мәлімдеме жасап, ТАСС қолданған “Степанакерт” атауын тарихтың қоқысынан сүйреп шығарылған деп бағалады. Олардың айтуынша, бұған дейін ресейлік агенттік ресми “Ханкенді” атауын қолданып келген, енді не себепті бұрынғы атауға қайта оралғаны түсініксіз.

Мәлімдемеде бұл жағдай тек екіжақты серіктестікке сызат түсіріп қана қоймай, жалпы Ресей медиасының беделіне де қауіп төндіруі мүмкін екені айтылған. Егер ұқсас жағдай тағы қайталанса, Баку Ресейдің кейбір қалаларын тарихи атауларымен атай бастайтынын ескертті. Оның ішінде Қазақ автономиясының астанасы болған Орынбор қаласы да бар:

“Өз кезегінде АЗЕРТАДЖ агенттігі ТАСС-пен достық қарым-қатынасты сақтауға ниетті екенін мәлімдей отырып, ресейлік әріптестерінен жіберілген қателікті түзетуді күтетінін жеткізеді. Егер әзербайжан тарапы өзара түсіністік пен құрметті байқамаса, онда үлкен өкінішпен Ресейдің кейбір қалалары мен географиялық нысандарын тарихи атауларымен атай бастауға мәжбүр болатынын ескертеді.

Атап айтқанда, Калининград (Кёнигсберг), Орынбор (Орынбор), Волгоград (Сарысу), Грозный (Солжа-Гала), Новороссийск (Суджук-Кале), Южно-Сахалинск (Тоёхара), Южно-Курильск (Фурукамаппу), Петрозаводск (Петроской), Ижевск (Ижкар), Волга өзені (Итиль) және басқа да бірқатар атауларды қолдану мәселесі көтерілмек.”

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар