Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бір үйір жылқы сыйлады!” - 17 жасар чемпион қомақты марапатқа ие болды

21:17, 03 тамыз 2025 197

Грек-рим күресінен Грекияның Афина қаласында өткен әлем чемпионатында 17 жасқа дейінгі балуандар арасында Жаңажол Қуанышбек алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ақтөбелік балуан финалда Қырғызстан өкілі Нұркерім Құмарбековті 8:7 есебімен жеңіп шықты. Жас чемпионға Ақтөбе облысының ел ағалары бір үйір жылқы тарту еткен.

Бұған дейін де Қуанышбек Азия чемпионатында топ жарып, ел намысын абыроймен қорғаған болатын.

Жалпы, Афинада өткен байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы бір алтын, екі күміс және екі қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар