Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Менің де жүрегімді қозғады": Айжан Аймағанова марқұм Шерзаттың ісі туралы айтты

16:54, 20 желтоқсан 2024 398

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша атышулы сот процесінде танымалдылыққа ие болған прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желіде жазылушыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Аймағанова Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісіне қатысты пікір білдірді.

«Алдыңғы рубрикада және пікірлерде Шерзаттың ісі туралы көп сұрақтар түсті. Барлығы дұрыс, бұл іске барлығының жүрегі ауырады, мен де Шерзаттың ісіне алаңдап жүрмін. Бірақ әр прокурордың өзінің қызметтік аумағы бар екенін түсіну керек.

Мен Алматы облысындағы әріптестерімнің әділ жұмыс атқарып жатқанына сенімдімін. Бұл жерде тек бір нәрсе керек – шыдамдылық. Мен барлығы заң бойынша болатынына сенемін», – деді ол.

Еске сала кетейік, 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру 4 қазанға қараған түні орын алған. Анасының көз алдында жасөспірімді топ болып сабап, пышақтап өлтірген. Олар дүкен маңында төбелес ұйымдастырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар