Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оқиға болған күні кәбинетімде болдым": Маңғыстау облысының әкімі өзін өзі өртеген азамат туралы айтты

12:36, 20 желтоқсан 2024 1517

Мауңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына онлайн берген сұхбатында әкімге кіре алмай өзін өзін өртеп жіберген азамат туралы айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

"Өкінішке қарай сондай жағдай орын алды. Әрине, иманы саламат болсын. Сол істен оншақты күн бұрын Қарақия ауданында қабылдау болды. Қабылдау түнге дейін жалғасты. Ең соңғы тұрғынға дейін қабылдап кеттік.

Мен бұл сұрақты ешкімге қоя алмаймын, өтер азамат өмірден өтті. Мен де адам болған соң ішім удай ашиды. Үлкен отбасыны азматынан айырылды. Алты баласы бар, келіншегі жетінші баласына аяғы ауыр деп естиміз. Неге маған сол кезде келмеді екен, мен күттім ғой деген сұрақ менде де бар.

Ал әкімшілік ғимаратына келген кезде, ол азаматты орынбасарым қабылдады, аппарат басшысының орынбасары қабылдады, үшінші аудан әкімінің орынбасары да келіп қабылдады.

Орынбасарымның айтқан сөзі менің сөзім деп түсіну керек. Дін жағынан да қате кетті. Артында бала-шағасы, ағайындары қалды. Біз де бейжай қарап отырған жоқпыз. бизнесмендер мойындарына сондай жүктеме алды. Қанша көмектессек де, арыстандай азамат өмірден озды. 

"Сол күні қайда болдыңыз, кеңсеңізде болдыңыз ба?" деген журналист сұрағына:

"Сол күні кеңседе болдым. Адам қабылдайтын күндерім бар. Қазір тізімде мыңның үстінде адам бар жазылған. Бір нәрсені түсіну керек. Келген адамдарды қабылдай берсек, облыс әкімдері таңнан кешке дейін адам қабылдаумен ғана отыру керек. Басқа жұмыстарды сырып тастап. Кестеге сәйкес адамдарды қабылдаймыз. Ал мына жағдай ішім удай ашиды" деп жауап берді Маңғыстау әкімі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар