Алматыда қалың қар жауып, әуежай уақытша қызметін тоқтатты, деп жазады Alash.KZ.
Алматы халықаралық әуежайы таратқан ақпаратқа сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу-қону жолақтары рейстерге уақытша жабылды.
"Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты әуежай 2024 жылдың 20 желтоқсанында сағат 20:45-тен 23:00-ге дейін рейстерге жабылады. Ұшу рейстеріне ауа райының жақсаруына байланысты қызмет көрсетіледі", – деді әуежай өкілдері.
Cонымен бірге, Алматы жолдарында қалың қардың кесірінен көлік кептелісі орын алуда.
2GIS қызметінің мәліметі бойынша, сағат 19:00-де жол кептелісі 10 баллға бағаланды.
Қала орталығында және Назарбаев, Рысқұлов, Райымбек, Абай және Әл-Фараби даңғылдарының учаскелерінде кептеліс болып тұр.