Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жетістігі – жаңа мектеп

08:42, 04 қазан 2022 197
Ертеректе Алматы қаласының тұрғындарымен, нақтырақ айтқанда бизнес өкілдерімен  кездесуде шаһар басшысы Ерболат Досаев биылғы жылға әр салаға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына баса мән беру қажеттігін ескерктен болатын. Ел қазынасынан бөлінген қаражаттың қомақтысы әлеуметтік сала, оның ішінде білім бағытына жұмсалып келеді.  Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Осы жылы білім беру саласына 275,2 миллиард теңге бөлінді,  оның ішінде жергілікті яғни қаланың қазынасынан 196,2 миллиард, республикалық бюджеттен 79 миллиард теңге қаланың білім саласын өрістетуге, келелі мәселелерін шешуге бөлініп отыр.  Бюджетті нақтылауға қосымша  9,4 миллиард теңге бөлу де жоспарланды. 2022 жылы оқушылардың мектепке симауы, орын тапшылығын азайту мақсатында 46 мектептің құрылысы жалғасын тауып, 14 245 балаға арналған 22 мектеп биыл пайдалануға беріледі.  Сонымен бірге Бостандық, Алмалы, Жетісу аудандарындағы мектептерге жапсарлас 5 ғимараттың құрылысын соңына жеткізу үшін қосымша 1,8 миллиард теңге бөлу жайы да қарастырылады, ұсыныс түсті» деді.



Қала әкімінің сөзінің жаны бар. Мегаполисте урбанизация қарқын алып келеді уақыт озған сайын. Халық тығыз орналасқан аудандарда әлеуметтік нысандар қажеттігі туындайтыны белгілі жайт. Әсіресе, балабақша, мектеп, емхана сынды аса мыңызды нысандарға сұраныс бірден артады. Мемлекет осы мәселені оңтайлы шешудің бір жолын, өзекті саласын  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде өрістетіп отыр.

Осы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Алматы қаласында бірнеше білім ошақтары салынып, солардың  кейбірі биылғы жаңа оқу жылында пайдалануға беріліп,  оқушыларға есігін айқара ашты. Қуанарлығы,  биылғы жаңа оқу жылында Алматы қаласында бір емес, сегіз бірдей мектептің тұсауы кесіліп,  пайдалануға берілген болатын.  Қала әкімі бұл меткептердің  Мәдениет, Қалқаман, Саялы, Томирис шағын аудандарында ашылғанын атап өтті. Бұл білім ошақтары мемлекет қаржысына бой  көтерсе, қалған 4 мектеп жеке инвесторлардың есебінен салынды.  Одан бөлек  бірнеше мектептердің жанына жапсарлас салынған оқу ғимараттарының да құрылысы аяқталды.  Алматы қаласында биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын 32 мың бала аттады.   Қала бойынша 317 мың  оқушы бар екен. Бұл балаларыдң барлығы  алып шахардағы 210 мемлекеттік мектепте және 91 жекеменшік мектепте  білім алып жатыр.

Алматы қаласында «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және  патриотизм»  атты форумда қала басшысы Ерболат Досаев:  «Бүгінде балалардың бойындағы бұғып жатқан талантты дамытуға, аршуға орасан мүмкіндік бар. Алматы қаласында  шығармашылығын дамытамын деген балаларға,  цифрлы технологияға, инвестициялық жобаларды  жүзеге асыруға  баулитын  мектептер бар. Және оларыдң көрсеткіші де көңіліңді өсіреді.  Биылғы жаңа оқу жылында сондай тағы екі мектеп есігін айқара ашады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Мәскеу қаласында орналасқан мектептердің үштен бірі жекеменшік санатындағы білім ошақтары.  Сапалы білім беру – жас ұрпақтың болашағы» деген-ді.

Жалпы  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  бұл  мемлекеттік серіктес пен жеке серіктестік арасындағы өзара ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылатын шаруа.  Екі тарап шарт жасасу арқылы мемлекеттік пен жеке серіктестік арасындағы қатынасты құрады,  одан кейін екі тарапқа да тиімді мерзімде сипаттамасына қарай  іске асырылады.

Жалпы Алматы қаласының Алатау, Наурызбай аудандарына соңғы жылдары халық тығыз орналасып, әлеуметтік нысандарыдң қажеттілігі  бірден аңғарылды.  Көп қабатты тұрғын үйлерге қоныстанған тұрғындардың басым көпшілігі жас отбасы, көп балалы жанұялар. Әрине, олардың балаларына алдымен балабақша, мектеп қажет. Қала басшысы Ерболат Досаевтың  тапсырмасына сәйкес басқа да білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізу, жапсарлас ғимарат тұрғызып,  орын қажеттілігін  оңтайлы шешу,  іргелі мектептер құрылысын уақытында аяқтау  үшін мердігер компаниялар да аянып жатқан жоқ.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  негізінде бой көтерген  Саялы ықшам ауданындағы №204 мектептің директоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері   Гүлжан Бекенова былай дейді.

«Алматы қаласындағы №204 жалпы білім беретін мектеп "Данайхан Стройтех" компаниясының мемлекеттік сараптамадан өткен "KAZGOR" Жобалау академиясының үздік сәулетшілерімен бірлескен жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде  салынды. Қазіргі таңда мектепте 2700 оқушы білім алуда және 200-ге жуық  мұғалім, 30 адам техникалық жұмыс атқарады. 100 сынып комплектісі бар. Мектеп құрылысы үлгілік жобалар бойынша жүргізілмеді, оқу орындарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулет, ойластырылған кеңістіктік дизайн, кең сыныптар мен қоғамдық кеңістіктері бар эргономикалық интерьермен ерекшеленеді. Әр кабинетте интерактивті панельдер, оқушы үшін жеке отыратын орын бар. Заманауи модификациядағы жиһаз. Пән кабинеттері оқу жабдықтарымен, Интерактивтік және техникалық оқыту құралдарымен, оқу-көрнекі құралдармен, мамандандырылған жиһазбен жабдықталған. Кабинеттер араның ұясы түрінде жасалған, бұл үй-жайлардың барынша табиғи жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дәліздер кең, олар бойынша мектеп ішінде еркін жүріп-тұруға болады, оқыту мемлекеттік тілде  жүзеге асырылады.  Мектепте мектеп жасына дейінгі балалар да оқиды. Мектеп директоры атап өткендей, мұнда балаларды табысты оқыту үшін барлық жағдай жасалған. «Мектеп кабинеттерінде интерактивті панельдер, теледидарлар, компьютерлер, ноутбуктер, зертханалық, токарлық және бұрғылау станоктары, аспаздық кабинеттерде және мата өңдеу шеберханаларында толық жарақтандыру, бастауыш сыныптарға арналған барлық қажетті әдістемелік құралдар бар. Биология кабинеттерінде-микроскоптар мен ашық сабақтар өткізуге арналған жабдықтар бар. Толық жабдықталған спортзал да заман талабына сай».

Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытындағы бағдарлама оң нәтижесін беріп келеді.

Қуаныш БАЖАҚ

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар